Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады

Жаңалықтар жарияланды 09.02.2021

blog-post-image

Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқына арналған Жолдауда, сондай-ақ, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде және Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы есеп берілді.

Асхат Аймағамбетов Президентке министрліктің педагогтер мәртебесін арттыру жөніндегі шараларды белсенді іске асырып жатқаны, мұғалімдердің еңбекақысы 25 пайызға артқаны туралы баяндады. Биыл 200 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысына пандемия кезіндегі оқу үдерісінің ахуалы және оқушылардың білімін толықтыру үшін қабылданған шаралар, сондай-ақ, балаларға қолайлы орта қалыптастыру және «Кітап оқитын мектеп» жобасын іске асыру жөнінде ақпарат берілді.

:link:Толығырақ Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтынан оқи аласыздар.

@edu_news_qz