Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі

Жаңалықтар жарияланды 25.03.2021

blog-post-image

Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі

1-сыныпқа алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6-ға толатын балаларды қабылдайды. 2021-2022 оқу жылы 1-сыныпқа 340 мыңнан аса бала қабылдау жоспарланып отыр.

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Құжаттарды egov.kz арқылы беруге болады:
:small_red_triangle_down:Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
:small_red_triangle_down:Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
:small_red_triangle_down:«Бала денсаулығы паспорты»;
:small_red_triangle_down:3х4 көлеміндегі 2 фото.

:exclamation:Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты бойынша) қабылданады.

@edu_news_qz