1 қыркүйектен бастап оқу жылы жалпы қашықтан оқыту форматында басталады

Жаңалықтар жарияланды 05.08.2020

blog-post-image

Орта білім
:round_pushpin:Шалғайдағы елді мекендердегі шағын жинақталған мектептер эпидемиологиялық ахуал жақсы болған жағдайда оқуды дәстүрлі түрде бастайды.
:round_pushpin:Бастауыш сынып оқушылары үшін, ата-аналардың өтініші негізінде, қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптар жұмыс істейтін болады. Бір сыныпта бала саны 15-тен аспауы тиіс.
:round_pushpin:Кезекші сыныптарға өтініштер электронды түрде (сынып жетекшісі арқылы) қабылданады.
:round_pushpin:Қашықтан оқыту форматында - 2,6 млн (79%), кезекші сыныптарда - 530 мың (17%), штаттық түрде ауылдарда 157 мыңнан астам оқушы (4%) білім алады деп күтілуде.

:pencil2:Мектепке дейінгі ұйымдар
Ата-аналардың қалауы бойынша балалар кезекші топтарға қабылданады. Бұл топтарда бала саны 15-тен аспауы тиіс.

:pencil2:Қосымша білім беру ұйымдары
Балалар ата-аналардың өтініші негізінде қашықтан немесе жеке тәртіппен ұйымдастырылады. Шағын топтардағы бала саны 5-тен аспауы тиіс.

:pencil2:Арнайы білім беру ұйымдары
Ата-аналардың таңдауы бойынша арнайы онлайн кеңес беру немесе мамандардың жеке қабылдаулары ұйымдастырылады. Денсаулығында күрделі проблемалары бар балаларды қабылдау алдын ала жазылу тәртібімен жеке жүргізіледі.

@edu_news_qz