2020-2021 оқу жылының басталуын ұйымдастыру жөніндегі мәлімет

Жаңалықтар жарияланды 12.09.2020

blog-post-image

«Ақсу қаласының №2 жалпы орта білім беру мектебі» КММ-де 2020-2021 оқу жылы нормативтік құжаттарға сәйкес оқыту үдерісі қашықтықтан және кезекші сыныптарда  ұйымдастырылды.

 

2020-2021 оқу жылында мектепте  1526 оқушы бар, оның 705-і бастауыш сыныптарда оқиды. Даярлық сыныптарға 78 білім алушы қабылданды. Даярлық сыныптар қашықтықтан оқитын боп шешті. 1-4-сыныптардың 273 оқушысы кезекші сыныпта оқиды. Ата-аналардың өтініші негізінде 3 ауысымда білім алады, барлығы 22 сынып ашылды. Кезекші сыныпта оқуға созылмалы аурулары жоқ балалар жіберілді.

 

Кезекші сыныптардың қызметі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына сай жүзеге асырылуда. Бір қабатта бір сынып оқиды. Әр сыныпқа арнайы кабинет жабдықталған, бір партада бір оқушыдан, парта арасында қашықтық сақталған.

 

Мектепте 4 кіру-шығу есігі бар. Сыныптардың кіру интервалы – 15 минут. Сабақтың басталуы мен аяқталу уақыттары әртүрлі.

 

Сабақтың алғашқы аптасында 2-4-сыныптарда 40 минуттық ұзақтықпен 4 сабақтан болды, 1-сыныпта – сатылы режим. Әр сабақтан кейін кабинеттерді желдетіп, кварцтау жүргізілді. Кварцтау үшін 8 кварц шамы пайдаланылады. Кабинетте, дәлізде әр сабақтан кейін қолды жуу құралдары және санитайзерлер қойылған.

 

Әлеуметтік алшақтықты қамтамасыз ету үшін мектеп алаңын пайдаланамыз, сыныптар әр түрлі уақытта шығады.

 

Оқушыларды  ата-аналары мектептің сыртқы есіктеріне дейін алып келіп,  оқу күні аяқталғаннан кейін мектептің сыртқы есіктерінен үйге алып кетеді.

 

Мектеп дезинфекциялау құралдарының қорымен қамтамасыз етілді (4 кіре берістегі дезинфекциялау кілемшесі, 4 тепловизор, санитайзерлер, бетперде, қолғап).

 

Күн сайын мектеп медбикесі мен кезекші әкімшілік температураны өлшеп, ауру белгілерін анықтайды. Ауырғандар анықталған жағдайда оқшауланады.

 

Әр кабинетте және шығу постарында санитайзерлер мен пайдаланылған бетперделерге арналған жәшіктер қойылған.

 

5-11-сыныптардың  821 оқушысына, 1-4-сыныптың 422 оқушысына оқу процесі қашықтық форматында ұйымдастырылды.

 

Ата-аналардың өтініші бойынша 50 отбасыға ноутбуктер мен моноблоктер берілді.

 

Мектепте 116 мұғалім сабақ береді. Олар қашықтықтан оқыту курсынан өтті. Қашықтан оқыту үдерісі синхронды және асинхронды форматта жүргізіледі.

 

Мектеп күнделік және мектеп-онлайн платформасын таңдады.

 

Мектептегі жағдайды және қашықтықтан оқып жатқан оқушылардың сабаққа қатысуын әкімшілік қадағалап отырады.