мектебімізде мұғалімдер күні аталып өтілді.

Жаңалықтар жарияланды 05.10.2020

blog-post-image

Мектебімізде мұғалімдер күні аталып өтілді. Оқушылар өз құттықтауларын, жылы лебіздерін,хаттарын, естелік суреттері мен арнайы жасалған видеороликтерін  онлайн түрде мұғалімдеріне жолдады. "Блімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез"-деп ұлы Абай атамыз айтқандай, ұстаз әрқашан ілім мен ізгілікті алға қоятын тұлға. Олай болса ұстаздардың еңбегі тек бүгіннің ғана емес, келешектің, болашақтың жемісін мәпелейтін,қоғамды ілгері бастыратын бірден бір күш екеніне сенімдіміз.Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып,осы жолда табысты еңбек етіп, оқушыларды алға жетелейтін мұғалімдеріміз біздің мақтанышымыз. Сіздерге қанша тілек айтса да әркез жеткіліксіз. Шәкірттеріңіздің ізгі итілектеріне бөлене беріңіздер.