Мектебімізде кітапханашылар күні аталып өтті.

Жаңалықтар жарияланды 15.10.2020

blog-post-image

Кітапханашы күні – қызметкерлердің ғана мерекесі емес, ол оқырмандардың да мерекесі. Кітапханалар – ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы. Олар оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы кітапханашылар. Кітапхана – білім мен ғылым ордасы. Бұл демалуға, ойлануға, әрине көп нәрсе білуге болатын жер. Кітапхана – ғылым отаны. Сіздерді кітапханашылар күнімен құттықтаймыз! Баршаңызды мектеп ұйымы атынан құттықтап, сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ – береке, толағай табыстар тілейміз!