«Әліппе» оқу бағдарламасы бекітілді

Жаңалықтар жарияланды 03.11.2020

blog-post-image

«Әліппе» оқу бағдарламасы бекітілді

:books:«Әліппе» оқу бағдарламасын тілтанушы ғалымдар, әдебиеттанушылар, әдіскерлер мен педагогтер әзірледі, сондай-ақ осы бағытта үлкен тәжірибесі бар өткен жылдардағы «Әліппе» бағдарламалары мен оқулықтарының авторлары да тартылды.

:books:Оқу бағдарламасын әзірлеуде қазақ халқының белгілі ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізге алынды.

:books:Енді 2021-2022 оқу жылынан бастап бірінші сынып оқушылары алғашқы екі тоқсанда «Әліппе», ал үшінші және төртінші тоқсанда «Ана тілін» оқитын болады.

:books:Сондай-ақ орыс тілінде білім алатын бірінші сынып оқушылары жаңа оқу жылынан бастап алғашқы екі тоқсанда «Букварь», ал үшінші және төртінші тоқсанда «Обучение грамоте» пәндерін оқитын болады.

:books:«Букварь» оқулығын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы да өз жұмысын аяқтап, оқу бағдарламасы бекітілді. Енді бұл оқулық бойынша да апробация жүргізіледі.

@edu_news_qz