Облыстық "Зерде" конкурсының жеңімпаздары

Жаңалықтар жарияланды 16.11.2020

blog-post-image

Павлодар қ. 2020  жылғы 9-14 қараша айының аралығында 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңі қашықтан өткізілді

Конкурсқа 2020-2021 оқу жылы облыстан 398 оқушы қатысты.

Конкурс қорытындысы бойынша 211 жобаның авторы (245 қатысушы) жеңімпаз бен жүлдегер атанды, оның ішінде І-ші орында – 18 жобаның авторы  (19 қатысушы), ІІ-ші орында – 60 жобаның авторы (73 қатысушы), ІІІ-ші орында – 133 жобаның авторы (153 қатысушы).

Облыстық кезең жеңімпаздары республикалық конкурсқа жолдама алды.

Біздің мектептің 5в сынып оқушысы Асанханова Әнел математикадан 3-орын (жетекшісі Зейнел Мейрамгүл), 7ғ сынып оқушысы Кашимбекова Зере қазақ тілі мен әдебиетінен 3-орын (жетекшісі Алиева Б.С.) иеленді.