ХХІІ облыстық «Абай оқулары» конкурсының жүлдегері

Жаңалықтар жарияланды 16.11.2020

blog-post-image

Биылғы ХХІІ облыстық "Абай оқулары" 2020 жылғы 10 қарашада онлайн режимде өткізілді.

Конкурстың үш бағыты – «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» (Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу); «Көңілім әнді ұғады» (Абай және Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау); «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (оқушылардың өз поэзиялық шығармалары) – алдын ала жазылып, жіберілген видеоматериалдар бойынша бағаланды.

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» (Абай өлеңдерін жатқа оқу); «Абайдың қара сөздері» (ақын қара сөздерін жатқа, мәнерлеп оқу); «Ұлылар әлемі» (Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына қатысты эссе жазу) бағыттары – ZOOM платформасында видеоконференбайланысарқылы өткізілді.

Шараға облыс жалпы білім беру және мамандандырылған мектептері 8-11 сыныптарының 100 оқушысы қатысты, оның ішінде 8 өзге ұлт өкілдері.

Сайыс қорытындысы бойынша 43 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І орын – 8, ІІ орын – 15, ІІІ орын – 20.  

«Ұлылар әлемі» бағытында мектебіміздің 8б сынып оқушысы Билялова Эльнура (жетекшісі Алиева А.Н.) 3-орын иеленді.